Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Отырар қалашығын ішінара қайта қалпына келтіру жөніндегі туристік жобаны іске асыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Жоламанов Әбіл Тауфихұлы, Түркістан облысы әкімдігінің өкілі, тарих ғылымдарының, туризм саласының мамандары, "Қазқайтажаңарту" кәсіпорны, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және "Отырар" қорық-мұражайы басшылығы мен мамандары қатысты.
Жиында Отырар қалашығында жүргізілген археологиялық зерттеулер қорытындысы мен қазіргі жағдайы және оны ішінара қайта қалпына келтіру концепциясы жөнінде баяндамалар оқылды. Қызу сұрақ-жауап пен пікірталастардан кейін орта ғасырық Отырар қалашығын қайта жаңғырту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып, алдағы уақытқа мақсаттар мен міндеттер анықталды.
Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы барлық ұсыныстарды тыңдап, өз тұжырымдамасын қорытындылай, алдағы жұмыстарға бағыт- бағдар берді.