Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелері Түркістан облысына келді. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудауының орындалуын насихаттауға келген топ тарихи Отырар ауданын аралады.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозициясымен және музей ауласындағы XIX-XX ғғ тән «этнокешенмен» танысқан Үкімет басшысының орынбасары келесі жылдың қыркүйек айында кең көлемде аталып өтетін Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау кезінде келетін қонақтар мен туристер осы нысандарды аралап, тарихымызбен танысады. Оларды біз өзіміздің мәдениетіміздің жақсы дамығандығын көрсетіп, құндылықтарымызбен таң қалдыратындай етуіміз керек екендігін жеткізді.
Бердібек Мәшбекұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жаңадан салынған көне Отырар қалажұрты жанындағы сапар орталығында өңірдің зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар, ғалымдар бас қосқан алқалы жиынға қатысты. Басқосуда Бердібек Сапарбаев әл-Фараби мерейтойы алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтап, жергілікті тұрғындар мен ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Отырар өңіріндегі тарихи нысандардың қазіргі жағдайы мен сәулетіне қандай өзгерістер енгізу керек, қосымша тағы қандай нысандар жөнделгені дұрыс деген мәселені талқылады. Бұл ретте басқосуға келген ғалымдар Отырар кітапханасын ашса, Әбу Нәсір әл-Фарабидің дүниеге келген көне Оқсыз қаласына абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, музикант болған әл-Фарабидің еңбектерін Дамаскден алдырса деген тілектерін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Өзгелер қазақта өнеркәсіп, ғылым, сауда-саттық деген болмаған, көшпенді халық болған деп айтып жатады. Біз ежелден мәдениетіміз жақсы дамығанын осы Отырардан бастап көрсетуіміз керек. Отырардағы музейді қалпына келтіріп, ішіндегі жәдігерлерді жөндеу керек. Келген қонақтар, шетелдіктерсұрақтарға жауап алуы керек.
Оларды қандай дүниелермен таң қалдыра аламыз, соны ойлану керек. Әлемде фарабитанумен айналысатын 11 орталық ашылған. Сыртқы істер министрлігі әр елшілікке тапсырма беруі керек. Сол орталықтарда табылған ғұұламаның еңбектерін осында алдыру қажет. Фарабитанушыларды шақырып, ақылдасу керек. Әл-Фарабидің әндері мен шығармаларын жарыққа шығаруымыз керек»,- деп, жиында көтерілген мәселелер шешімі табылатындығын жеткізді.