Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Әшекейлер әлемі» тақырыбында Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізілді.
Сабақтың кіріспесі экспозияция залында музей қорындағы археологиялық-этнографиялық бұйымдардан құрылған тақырыптық көрмені танысумен басталды. Көрмені таныстырушы Н. Әмзе оқушыларға сұрақ қою арқылы әшекей бұйымдарды пайдаланудағы тәрбиелік мәнін жеткізді.
Сонымен қатар, зергерлік өнердің ұлт тәрбиесінде алатын орнын, тарихын тереңінен жастарға түсіндіру мақсатында қор сақтау бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г. Ысқақ «Зергерлік өнер дәстүрі» тақырыбында лекция оқыды.
Балалардың зейінін атадан балаға, ұстаздан шәкіртке мирас болып келе жатқан зергерлік өнердің жасалу технологиясы мен ұлттық нақыштың қыр-сырын білуге баулу үшін арнайы видео-ролик көрсетілді. Сабақты қорыту үшін тақырыпқа сай сұрақ-жауап алынып, бүгінгі күннен алған әсерлерін өз ойларымен жеткізді.