Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады.
Қазіргі таңда келешек ұрпаққа насихаттауда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында музей мен туризм саласының мамандары игі істер атқарып келеді.
Бүгінгі Халықаралық туризм күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен "Туристік бағыттағы тарихи-мәдени ескерткіштер" тақырыбында аудандық мектеп оқушыларымен экскурция өтті.
Отырар қорық-музейінің экспозиция залымен танысудан бастау алған экскурция мүшелері Отырар қалажұртында, Арыстанбаб кесенесінде болып, өткен тарихымыздан тың мағлұматтар алды.