Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі қызметкерлері Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына және Отырар қорғанысына 800 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында
Түркістан облысы Келес ауданында Омар Есімов атындағы №1, Мұхтар Әуезов атындағы №7 және Абай орта мектептерінде «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды.
Көрмеде Отырардағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған X-XII ғғ. кезеңдерінен сыр шертетін жәдігерлер көпшілік назарына ұсына отырып, сол кезеңдердегі Отырар өлкесіндегі тарихи оқиғалардан мәлімет берілді. Сондай-ақ,
Отырар қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Али Сералиев «Отырардың қамал қорғандары» тақырыбында баяндама оқып, Отырар қалажұртының әр кезеңді қамтитын қорғаныс жүйесінің ерекшеліктерін баяндап берді. Шара барысында Отырар, Арыстанбаб, Отырар қорық-музейі туралы түсірілген деректі фильм көрсетіліп, оқушыларға тың мағлұматтар берілді.