2019 жылы 25 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы
қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көне тарихтың куәсіндей жәдігерлер» тақырыбында көшпелі көрме өтті. Көрменің мақсаты Мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер беру, оларды сақтау, қорғау және көрмеге қойылған жәдігерлерді көпшілікке таныстыру. Көрмеге Отырар өңірінен табылған жәдігерлері және тарихи мәдени
ескерткіштердің суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамшалаған колледж мұғалімдері мен студенттері Отырар тарихы туралы тың деректермен қанығып, Отырар қорық-музейінің қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.