Бүгін 18 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері «Отырар» және «Қарғалы» жалпы орта мектептерінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласы аясында «Қолөнер ұлттық құндылығымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек
таныстыру мақсатында ұсынылған көрмеде музей қызметкерлері «Ұлттық киім әшекейінің бірі – кемер белдік», «Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат», «Отырардан шыққан алғашқы ұстаздардың бірі- Асантай Әлімов» «Ұлы
даланың жеті қыры: Атқа міну мәдениеті» тақырыптарына лекциялар оқыды. Көрмемен танысып, оқылған лекциялардан тың мағлұматтар алған оқушылар өз ойларын айтып, ризашылықтарын білдірді.