ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫ» үйірмесі құрылды.
«Жас өлкетанушы» үйірме жұмысы мектеп оқушыларының білімдерін кеңейтіп, туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттыруға, тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, туған жер тұлғаларын құрметтеуге бағытталған.
Балалардың білімін, шеберлігін, танымдық қабілеттерін арттыру, белсенділігін қалыптастыру, іскерлігін дамыту мақсатында ашылғалы отырған үйірме айына екі рет өткізіледі.
Үйірмеде төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:
♦ Тарихи – мәдени орындарға экскурсия;
♦ Тарих, әдебиет және музей жәдігерлерінің зерттелуі туралы және қазақ этнографиясы туралы дәрістер оқу;
♦ Археологиялық экспедицияларға қатысу;
♦ Қазақстанның танымал тұлғалары туралы қызықты мәліметтер беру
♦ Шеберлік сабақтар өткізу.
❓❓❓Үйірмеге байланысты сұрақтар үшін
☎8(725)44-21150
87057705285 Ақлима Жұмашова
ХАБАРЛАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен Руханият Әбу Насір әл-Фараби мұражайы және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 28 қаңтар күні Отырар аудандық мәдениет сарайында Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘБУ НАСІР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы өтетіндігін хабарлайды.
Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырып жатқан байқау үш кезеңнен тұрады.
I-кезең: «Ұлағаты мол ұлы ұстаз» - (Әбу Насір әл-Фарабидің 5 трактатын жатқа білуі тиіс. Біреуін оқиды. Уақыты:5минут)
II-кезеңі: «Ойлы болсаң, озып көр!» - (Әбу Насір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру)
III-кезеңі: «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» - (Әбу Насір әл-Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу, 3-4 минуттан уақыт беріледі)
Өтетін орны: Отырар аудандық Мәдениет сарайы
Уақыты: 28.02.2020жыл сағат 10:00
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК-ның және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен «Еріктілер жылы» аясында «Асыл мұра» бағыты бойынша ауыл округ жастары арасында ағымдағы жылдың 26 ақпан күні сағат 11:00-де «Ең үздік волонтер экскурсовод» байқауын ұйымдастыру жоспарлануда.
Байқау 3 кезеңнен тұрады.
1-ші кезең
"Менің өлкем.." қатысушылар алдын ала өздері дайындаған туған өлкесінің тарихи-мәдени құндылықтарын слайд немесе бейнеролик арқылы таныстырады. Жұмыстарға қойылатын талаптар: 3-5 минут аралығында туған өлке тарихын, тарихи-мәдени құндылықтарын, елге есімі белгілі тұлғаларын және әр ауыл окруктің ерекшеліктерін қамтуы шарт. Аяқталған жұмыстар .pptx, AVI, MPEG, WMV форматтарында СD, DVD, USB тасығыштар арқылы қабылданады.
2-ші кезең
"Суреттер сөйлейді". Қатысушыларға белгілі бір тарихи-мәдени құндылықтардың фотосы экспромт (жеребе) бойынша көрсетіледі. Фотода көрсетілген тарихи-мәдени құндылықтардың тарихын, жасалу технологиясын, пайдаланылуын сипаттау және тарихи-мәдени құндылықтардың туристерге берер мазмұны мен мағынасын аша білуі бағаланады.
3-ші кезең
«Эврика» (Табу). Қатысушылар үшін экскурсия барысында туындайтын ситуациялық сұрақтарға дайын болуы керек. Кезең барысында сұраққа нақты жауап беруі, сөйлеу шеберлігі, өзін-өзі ұстау мәдениеті, тапқырлығы және ситуациядан шығуы бағаланады.
Байқау жеңімпаздарын алғыс хаттар және арнайы номинациялармен марапатталып, қаржылай сыйақылар табысталады.
Байқау ағымдағы жылдың 26 ақпан күні сағат 11:00-де «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде» өтеді.
Байқауға қатысушы үміткерлер толық мәліметті +77053732017 байланыс нөмеріне хабарласып біле аласыздар!
ОТЫРАР ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ХАБАРЛАЙДЫ
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акциясы аясында «ҒАСЫРЛАР КУӘСІ – МУЗЕЙДІҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ» тақырыбында «Музей түні» іс-шарасы өтетіндігін хабарлайды.
Іс-шара 18 қазан күні сағат 21:00 де басталады.
Аталмыш шараның қызықты да тартымды өтетіндігіне сеніміміз мол.
Келіңіздер, тамашалаңыздар!
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Қолөнер - халық қазынасы, ғасырлар мұрасы» тақырыбында аудан көлеміндегі қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз.
Жәрмеңкеде қолөнер шеберлері өз қолдарынан шыққан туындыларын көпшілікке таныстырып, сатылымға шығаруға мүмкіндіктер алады. Жәрмеңке соңында шеберлер туындыларына баға беріліп, үздіктерге арнайы тағайындалған жүлделер тапсырылады.
Он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлерін жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлы Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына жолдап, қазіргі таңда мәдениет саласының қызметкерлері зор ықыласпен қабыл алып, эстафетаны жалғастыруда.
Осы орайда Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлері Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын "АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ" МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ
ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ қызметкерлерінен
қабылдап алып, Абайдың терең философиялық ойлары, табиғатқа таным, ақыл жайлы толғаныстарымен көрініс тапқан өлеңдерінен үзінді оқу эстефетасын "Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлеріне, Отырар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Елтай Үмбетке, Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Дәурен Ақсақаловқа жолдайды.
#abai175
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлы Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына жолдап, қазіргі таңда мәдениет және спорт майталмандары зор құрметпен бастаманың жалғасын жандандыруда.
Осы орайда мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлері Мәдениет және спорт министрі
Актоты Раимкулова (Ақтоты Райымқұлова)
жолдаған эстафетаны зор ықыласпен қабыл алып, Абай Құнанбайұлының тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеуге арналған эстафетаны еліміздегі музей, архив және кітапхана саласының қызметкерлеріне жолдады.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын.
#abai175
ОТЫРАР ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ХАБАРЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде» 2019 жылдың 5-шілде күні Елорда күніне орай «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» тақырыбында көрме ашылады.
Көрменің мақсаты Елбасының еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтату мақсатында атқарған қызметі мен рөлін, оның кітаптары мен ой-толғамын насихаттау болып табылады.
Өтетін орны: Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі
Уақыты: 5 шілде, сағат 10:00
Құрметті Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай «БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА» тақырыбында мерекелік іс-шара өтетіндігін хабарлаймыз! Мерекелік шарада бүркітті құс патшасы деп дәріптеген көшпенді халықтың қыран құсқа деген сүйіспеншілігі арқау болған «Мұзбалақ» және көшпенді халықтардың басын біріктірген Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің қалай батыр болғандығын көрсететін «Күлтегін» мультфильмдері балаларға көрсетіледі. Сондай-ақ, балаларға арналған қызықты шаралар музейге экскурсия, сурет салу (Отырар тарихынан және еркін тақырыптар бойынша), викториналық сұрақтар, ойындар ұйымдастырылып, балаларға базарлық беріледі. Келіңіздер, мерекелік шарамыздың қызықты өтуіне бірге ат салысайық!
Құрметті Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары! 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде "Өткеннің қазынасы болашаққа" атты түнгі музей кеші өтетіндігін хабарлаймыз. Шара бағдарламасы бойынша "Этнокешен" ауласында ХХ ғ басындағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігінен көріністер көрсетіліп, концерттік бағдарламалар, викториналық сұрақтар қойылады. Мерекелік шара 17 мамыр күні сағат 19: 00 де басталады. Отырар қорық-музейінің екінші рет өткізгелі жатқан "музей түні" қызықты да тартымды өтетіндігіне сеніміміз мол. Келіңіздер, тамашалаңыздар!
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым Әбу Нәсір Әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең белгілісі. Отырар ежелгі заманнан-ақ қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болған. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар-Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы, ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХІІІ-ХҮ ғасырларда Қазақстанның Оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды.
Ортағасырлық араб, парсы тарихшылары мен географтары бұл қаланың Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси, сауда және мәдени орталығы болғандығын, Орталық Азия тарихында маңызды рөл атқарғандығын жазып қалдырған. Қаланың рөлі мен маңыздылығының артықшылығы – оның орын тепкен жерінің, географиялық жағдайының қолайлылығына байланысты болған. Отырар Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында егіншілікпен айналысатын аймақтың ірі орталығы, әрі Қаратау етегіне жақын орналасқандықтан көшпенділердің бекініс қамалдарының бірі болатын. Белгілі шығыстанушы, археолог А.Н.Бернштам атап көрсеткендей: «Орта Азияда мұндай өте қолайлы және өте қауіпті жағдайда болған қаланы табу қиын», - еді.
Отырар Сырдарияның орта шеніндегі басты қала болды, бірақ маңайында Кедер, Весиж, Борық бар-тын. Қазір солардың және аттары белгісіз болып қалған көптеген қалалар мен қалашықтардың орны төмпешік төбелер болып қалған. Деректерге қарағанда Отырардың соңғы тұрғындары қаланы ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде тастап Түркістан, Шымкент, Шілік жағына қоныс аударған. Содан бергі дәуірлерде Отырар қаңырап бос қалып, жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен, үйіндіге айналды.
ХІХ ғасырдың аяғында Отырар қирандылары мен оның төңірегінде орналасқан басқа да ескерткіштер ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Ежелгі Отырар өлкесінің археологиялық зерттеу жұмыстары ғасырлар өтсе де тоқтап қалмай, жыл өткен сайын жалғасын тауып қарқын алып келеді. Отырар ескерткіштері жайлы Б.Б.Бартольд, Е.Г.Смирнов, Н.С.Ликошин, А.О.Руднев, Д.Н.Люшин, И.А.Кастанье, А.К.Кларе, А.Черкасов, И.Т.Постлавскийдің, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, А.Г.Максимова К.А.Акишев, К.М.Байпақов, М.Б.Қожа және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен жазылған. Тарихи деректер көзіне сүйенсек, Отырардың алғашқы топографиялық сұлбасы 1903 жылы түсірілді. Отырарды зерттеу 1904 жылдары А.Кларенің басшылығымен жүргізілген алғашқы ғылыми негіздегі қазба жұмыстарынан басталады. Революциядан кейін жаңа кезең басталды. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ескерткіштерді зерттеу басталды. Сол кездегі Тарих, археология және этнография институты мен материалды мәдениет институтының Ленинградтық бөлімі бірлесе отырып ОҚАЭ құрды, басшысы А.Н.Бернштам болды. ОҚАЭ оазистің Пышақашытөбе, Алтынтөбе, Құйрықтөбе, Марданкүйік, Көкмардан және оған қосы Сырдарияның солтүстік жағасындағы Бұзық, Оқсыз, Артық ата, Қауған ата, және Сумағар сияқты тарихи ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1969-1971 жылдары Кемел Акышев бастамасымен ҚазССР Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты Отырар экспедициясымен жұмысты қайта бастады. Нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ең көп зерттелген ортағасырлық қала болып табылды.