Еліміз бойынша алғашқы «Сапар орталығы» 2018 жылдың қараша айында Отырар қалашығы маңынан бой көтере бастады. Жоспарланған уақытымен салынған ғимарат 2019 жылдың тамыз айында құрылысын аяқтады. Қазіргі таңда музей қызметкерлері экспозиция залын жасақтауға дайындық жасауда.
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Маратұлы құрылысы аяқталған жаңа ғимаратпен танысты.
Сапар орталығының ғимараты Отырар қалажұртының территориясында археологиялық қорық, тарихи-мәдени және туристік орталық құруға, сонымен қатар, кешенді қызмет көрсету мүмкіндігіне ие көрмелік залдары бар музей кіретін, музейлік-көрмелік жүйемен өзара байланыстағы орталықтандырылған қор-сақтағышты жасауға бағытталған.
Цоколдық қабатта қор-сақтау бөлмелері қарастырылған. Қор-сақтау арнай музейлік стеллаждармен, шкафтармен жабдықталған. Қор-сақтаудың жанында түсетін материалды есепке алатын қызметкерлерге арнаған жұмыс орындары қарастырылған.
Реставрациялық жұмыстар мен көрмелік конструкцияларды жасау жұмыстары үшін цоколдық қабатта шеберханалар жобаланған. Барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылар мен жиһазбен жабдықталған. Музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдар қарастырылған.