2019жылдың 18қаңтар күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей – интернатында белгілі қоғам қайраткері, жазушы С.Ерубаевтың туғанына 105жыл толуына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің
ұйымдастыруымен «Сәттар Ерубаев – тұғыры биік тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел іс – шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: С.Ерубаевтың өмірі мен оның игі істерін, рухани мұраларын жас ұрпаққа насихаттау, түсіндіру. Іс-шараға қатысқандар:
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей – интернатының мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары. Дөңгелек үстелдің шымылдығын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы
ашып, «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында мектеп оқушыларына ғылыми баяндамасын оқып, Сәттар ағамыздың қазақ еліне сіңірген ұлы да өнегелі істері мен қайталанбас рухани мұраларын баяндап, тағылымды ойларын ортаға салды. Іс – шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мамырайымова Ұлбала апайымыз Сәттар Ерубаев ағамызды кейінгі ұрпаққа таныту туралы оқушыларға өз ойын сабақтаса, №4 жалпы орта лицей – интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақашева Айнұр ханым оқушылардың іс – шараға арнайы дайындықпен келгендеріне алғысын
білдіріп, бүгінгі тағылымы мол әдеби шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Іс - шара соңында философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа Ұлы қайраткердің өмірінен сыр шертетін рухани шығармаларын жоғары сынып оқушыларымен талқылап, пікір алмасу, сұрақ – жауап сайыстарын ұйымдастырды. Дөңгелек үстел іс – шарасы жоғары деңгейде аталып өтті.