21 ақпан күні Отырар ауданы С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінде жастардың бойындағы болашақ еліміздің өркендеуіне, өсуіне өнеріне қосар үлесін қолдау мақсатында «Болашақ білімдінің ғасыры» атты өнер фестивалі өтті.
Фестивалдің негізгі бағыты «Ұлттың ұлы мұрасы» тақырыбымен Әбу Насір әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Аталған шарада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейі қызметкерлері киіз үй жабдықтауға арналған музей қорындағы этнографиялық жәдігерлермен көрме ұйымдастырды.