Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі сапар орталығында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «ОТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ІСІНІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: рухани асыл қазыналарымызды, Қазақстан археологиясындағы жетістіктерді, Отырардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелерін насихаттау және тарихи-мәдени мұраны зерттеу бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.
Конференция барысында археология саласының жетістіктері, Отырар қалажұртындағы нысандардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелері және музей қорын жасақтау, реставрациялау, сақтау мәселелері бойынша баяндамалар оқылып, мәдени инфрақұрылымды кеңейту, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу, мәдени мұраларды зерттеудің толықтай жүйесін құру туралы ой-пікірлер айтылды.