2018жылдың 26 – сәуір күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Оңтүстік өңірінің киелі орындары» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты еліміздегі киелі орындардың киелілігін көрсететін аңыздарға сүйене отырып, тарихымен таныстыру, насихаттау. Шараны ашып беру үшін алғысөз ардагер археолог Н.О. Алдабергеновке беріліп, өз сөзінде тарихи маңыздылығына тоқталып, рухани жаңғыруды ең алдымен адам өзінен бастап, санасына сіңіру керектігін тілге тиек етті.
Ата-бабадан қалған асыл-мұраларымызды қастерлеп, жас-ұрпаққа кәдесіне жарату үлкен мәселе екенін атап өтті. Музейдің ғылыми қызметкері О. Құлымбетов «Қасиетті Қазақстан және оңтүстік өңіріндегі киелі жерлер» тақырыбында баяндама оқып, қатысушы қонақтар өз ой- пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлерінің аңыздары мен тарихынан дерек беретін қысқаш бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға музей қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары, жас туристер орталығының қызметкерлері қатысты.