18 қазан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кең көлемде насихаттау мақсатында «ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары, Отырар ауданындағы зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында алғашқы сөз кезегін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директоры Айбек Қыстаубайұлы алып, Елбасымыздың жаңа Жолдауының басқа Жолдаулардан ерекшелігіне тоқталып өтсе, халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдауға байланысты «РУХЫМЫЗДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖОЛДАУ» тақырыбындағы баяндамасын Отырар
музейінің бөлім меңгерушісі Досхан Жұмаханұлы оқыды. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан Жолдаудың жетістіктері мен алдағы уақыттағы тигізер оң пайдасы турасында пікірлер тыңдалды. Шара соңыңда Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман әрбір айтылған пікірлерге тоқталып түйіндеме жасап, алдағы уақытта да жолдауды насихаттау және оған үлес қосу әр азаматтың мойныңдағы міндеті болып табылатындығын жеткізді.