Бүгін Астана қаласындағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» атты көрменің ресми ашылуы өтті.
Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы және экс-сенатор Айтаханов Қуаныш Момбекұлы көрмені ашып беріп, еліміздің музейлер қорында сақталған көне кітаптар мен қол¬жазбалар халқымыздың санғасырлық рухани байлығы екенін, сонымен бірге, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани байлықтарымызды бағамдап, болашақ ұрпақ кәдесіне жеткі¬зуге баса назар аударыл-ғандығын атап өтті.
Көрмеде Отырардан шыққан ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби мұралары, Фарабидің араб тілінде жарық көрген шығармалары, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактат т.б. және ғұлама жерленген Сириядан әкелінген заттай жәдігерлері, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы һәм тәлімгері, ислам дінінің уағыздаушысы Арыстанбаб әулиеге және әулие басына тұрғызылған кесенеге қатысты жазба және заттай деректер көпшілік назарына ұсынылды. Көрме 2018 жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады.