19-қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты стартегиялық мақаласы аясында Отырар қорық-мұражайында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша ұйымдастырылған шараға орта білім беру мекеме өкілдері мен мәдени орталық қызметкерлері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Отырар аудандық кітапхана қызметкері М.Шәріпбекова көреген көшбасшының латын əліпбиіне көшу арқылы озық ойлы идеясына үлес қосатындығын, еліміздің рухани жаңғыруының негізі болып табылатын жеткізді. Отырар мұражайының этнография ғылыми-зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Г.Маябасова «Латын әліпби - ұлттың рухани жаңғыруы»,
Нұр Отан партиясы Отырар аудандық филиалының есепке тіркеу және статистика бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Ә.Ержанова «Латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениетке ілесу» және Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Мұхтар «Қазақ тарихындағы қазақ жазуы – сана сілкінісі» тақырыптарында баяндама жасап, қазіргі таңда тіл саласының білікті мамандарының латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жиында Отырар қорық- мұражайының бөлім меңгерушісі Д.Жұмаханұлы, Д.Құрманбек атындағы № 20 колледждің тарих пәнінің мұғалімі А.Әбдешбек, А.Дәрібаев атындағы орта мектебінің мұражай жетекшісі Қ.Әділхан латын әліпбиі ел болашағына үлкен үлес қосары анық екенін айтып, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Жиынды қорытындылаған Отырар қорық- мұражайының этнография, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі А.А. Жұмашова латын әліпбиіне көшу арқылы жаңғырудың жаңа белестерден көрінетініне сенімді екенін жеткізіп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Шараға қатысушы қонақтар Отырар мұражайының кітапхана қызметкері Н.Әбдірәлінің латын әліпбиінен мол мағлұматтар беретін «Латынға көшу - жетістікке жетелейтін төте жол» тақырыбында баспасөз беттерінен жинақталған көрмесін тамашалады.