Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи - өлкетану музейінде 2013 жылдың 18 мамыр- 17 маусым аралығында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрмесі жұмыс істеді. Аталған көрмені Павлодар облысының жұртшылығы, мектеп оқушылары, студент жастар және алыс - жақыннан келген қонақтар көріп тамашалады. Жалпы көрмеге келгендер саны - 4480 адам. Оның ішінде зейнеткерлер - 568; еңбек жасындағылар - 751; студенттер - 1161; мектеп жасындағылар - 2000; шетелдік қонақтар - 15 адам( венгрлер, немістер, қырғыздар, тәжіктер, өзбектер) болды.