Биыл Еліміз Конституцияның 23 жылдығын тойлауда. Мемлекетіміздің Ата Заңы жалпы халықтық референдумда 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Айтулы күнге орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «АЙБАРЫ АСҚАҚ ЕЛДІ АСҚАҚТАТАР АТА ЗАҢ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Келелі жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман және музей қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы Конституциямыздың қоғамдағы рөлін нығайтып, демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру мәселелері болды.
Шара барысында музей қызметкерлері М.Ахмет, Е, Абдуахитовтар «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң», «АТА ЗАҢЫМ – АЙБАРЫМ» тақырыбындағы баяндамалар оқыды. Сонымен қатар шараға қатысушылар айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміздің Конституциясы барлық азаматтарға білім алуға, еңбек етуге, өз дінін ұстануға тең құқық беретінін тілге тиек етіп, Ата заңымыз ғасырлар бойы - кемел келешегіміздің кепілі болатынына сенімді екендерін білдірді.
Ата Заңымызды ардақтап, оның қағидаларына бағыну әр азаматтың міндеті һәм парызы деп білейік ағайын!