Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің 5 сынып оқушыларына Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздері» тақырыбында дәріс өтті.
Абай шығармалары ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі, рухани кеңістігімізге және мәдени өмірімізге серпін беретін құнды дүние екенін оқушыларға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Отырар қорық-музейінің ғылыми қызметкері Гүлнәр Дәренқұл Абай Құнанбаев Абайды қазақты сақтап қалған ұлы тұлға екендігін жеткізіп, оны терең зерттелетін әлем ретінде қарастыруымыз керек екендігін айтып өтті.