ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2020 жылдың 13 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында, ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін «Отырар кеше, бүгін, ертең: туристік және зерттеу болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан археологиясының жетістіктерін насихаттау, археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау, Отырардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелері, еліміздегі туризм мәселесі туралы тәжірибе алмасу. Қазақ даласының ғұламалары туралы - дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте өшпес із қалдырған ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап қазақ даласында дүниеге келген ғұламалардың шығармашылық мұрасы мен ғылыми еңбектерін насихаттау болып табылады.
Еліміздегі тарихшы ғалымдар, археологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, музей қызметкерлері қатысқан республикалық конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы ашып берсе, археолог-ғалым, т.ғ.д. Самашев Зейнолла Самашұлы және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. Байтанаев Бауыржан Әбішұлы тағлымы мол іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, Отырар тарихына тереңнен қозғау салды.
Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі археолог-ғалым Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы өз сөзін Қазақстан археологиясының қалыптасуына, Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеуге, тәуелсіз Қазақстанның археологиялық ғылыми орталығын құрып, дамытуға, кәсіби мамандарды дайындауға, археология бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік байланысты қалыптастыруға зор үлесін қосқан тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақовты еске алудан бастады.
ҚР БҒМ.ҒК Мемлекеттік тарихы институты директорының орынбасары, т.ғ.д. профессор Аяған Бүркітбай Ғелманұлы, ҚР БҒМ.ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, Фарабитанушы, ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алтаев Жақыпбек Алтайұлы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің профессоры, т.ғ.д. Қожа Мұхтар Баһадүрұлы және де т.б баяндамашылар
Отырар өңірінің археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары және Отырардың жаңғыруы, Қазақ даласының ғұламалары, Отырар кітапханасы: аңыз бен ақиқат тақырыптарында баяндамалар оқып, ұсыныс-пікірлерін айтты.