Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі алғаш рет 1982 жылы этнография бөлімі болып құрылып, 1998 жылға дейін жұмыс жасады. 1998-2004 ж.ж. Арыстанбаб және этнография бөлімі болып өзгертілді. 2005 жылы қаңтар айынан бастап этнография бөлімі болып қайта құрылып, 2018 жылға дейін жұмыс атқарып келді.
2018 жылы этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі болып өзгертіліп жүйелі түрде жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі құрамында бөлім меңгерушісі А.А.Жұмашова, 2 аға ғылыми қызметкер, 3 ғылыми қызметкер, 2 кіші ғылыми қызметкер бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі музейдің ғылыми-іздестіру, жинау, сақтау, ғылыми-экспедиция, ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозиция, ғылыми – баспа, т.б. жұмыстары аясында міндеттер атқарып келеді.
Бөлім қызметкерлері этнографиялық деректер негізінде ғылыми еңбектер жазып, оларды халыққа насихаттаумен, ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ел арасынан жәдігерлер жинастырумен айналысуда.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі қазақ халқының әдет-ғұрпына, қолөнеріне, тұрмысына, кәсібіне, заттық және рухани мәдениетіне байланысты деректерді жан-жақты ғылыми негізде зерттейді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, ғылыми байланыс, ғылыми-көпшілік, насихаттау мақсатында музейдің этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі мына жұмыстарды атқарады: