Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми - зерттеу» бөлімінің ұйымдастыруымен 21 ақпан күні «ОТЫРАР МУЗЕЙ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ – МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты «Тарихи – мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» заңына өзерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде ақпарат беру және құқықтық нормаларды сай нысандарды қорғау мәселелерін талқылау мақсатында өткен семинарға Отырар ауданының ауыл округтерінің жер инспекторлары, шаруашылық иелері және музей қызметкерлері мен ескерткіштерді қорғау қорықшылары қатысты.
Семинарды ашып берген «Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми – зерттеу» бөлімінің басшысы Қ.Шохаев «Отырар музей қарамағындағы тарихи – мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» тақырыбында слайдпен таныстырып, бүгінгі шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Аға ғылыми қызметкер Азат Таубек 2019 жылы 26 желтоқсандағы қабылданған №288 Қазақстан Республикасының «Тарихи – мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» заң жобасындағы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, қабылданған заң жобасында тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, сондай-ақ тарихи-мәдени сараптама жүргізу, объектілерді паспорттау мәселелеріне ерекше мән берілгендігін және Заң жобасында тарихи-мәдени мұралардың археологиялық және сәулет объектілерінің сақталуы жағ¬дайын қамтамасыз етуге бағыт¬талған шаралар кешені: зерттеу, қазбалар жүргізу, реставрациялау, консервациялау, жөндеу, музейлендіру және қазіргі заманға сай пайдалану үшін бейім¬деудің мазмұны толық ашы¬лып көрсетілгендігін атап өтті.
Қатысушылар тарапынан өзгертілген заңға қатысты бірнеше сұрақтар қойылып, ортада өз ой-пікірлерін айтты. Семинарды қорытындылаған бас инспектор Қуаныш Шохаев Отырар музей қарамағындағы тарихи – мәдени мұра объектілерінің қорғалуы басты назарда екендігін айта келе, жиында талқыланған мәселелерді, яғни нысандардың сақталуы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілу керектігін айтып, семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.