Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде 27 қыркүйек Халықаралық туризм күніне орай "Көне өркениет ордасы-бүгінгі туризм орталығы" тақырыбында фото көрменің ашылуы өтті.
Көрменің ашылуында сөз алған мекеме директоры Сапар Көзейбаев пен директордың кеңесшісі, археолог Нұртаза Алдабергенов музейлердің туризм дамуындағы үлесі, алатын орны ерекше екенін айтып өтіп, халықаралық туризм күнімен құттықтады.
Отырар өңіріндегі туристік бағыттағы ескерткіштердің суреттерінен құралған көрмені Гүлнар Дәуренқұл таныстырды.