Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің жаңа экспо¬зициясы «КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР» атты тақырыптық-экспозициялық жос¬пары негізінде жасалынды. Музей экспозициясының археология залы екінші қабатта, этнография залы үшінші қабатта орналасқан, төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Тас дәуіріндегі Отырар алқабы.
2. Қола мен ерте темір дәуіріндегі Отырар алқабы.
3. Қаңлы мемлекеті кезеңіндегі Отырар алқабы.
4. Көне түркілер қағанаты кезеңіндегі Отырар алқабы VІ ғ. ортасы -VІІІ ғ басы.
5. Мұсылман әскерлерінің Тарбанд-Отырар иелігін басып алуы.
6. Отырар ғұлама-ғалым Әбу Нәсір әл-Фарабидің Отаны.
7. ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар.
8. ХІІІ-ХV ғасырлардағы Отырар.
9. Отырар Қазақ хандығы құрамында.
10. ХІХ-ХХ ғғ. басы аралығындағы Отырар.
Ондағы жәдігерлер тақырыптық және мазмұ¬¬ны жағынан жоспарланып қойылған. Залда Оты¬¬рар және оның төңірегіндегі бірнеше қалалар мен қалашықтардан археологиялық қазба жұ¬¬мыс¬¬тары барысында табылған неолит және қола дә󳬬рінен бастап ХVІІІ ғ.дейінгі саздан күйдіріліп жасалынған тұрмыстық заттар – құмыра, табақ, көзе, саптыаяқ, орта кесе, майшам, сиясауыт т.б. әсем ғимараттарды безендіруге арналған сырлы жапсырма қыштар, терракоталарды, құббаларды көруге болады. Қоладан жасалған келі, тұғыр, майшам, тұмаршалар, күмістен, мыс¬¬тан соғылған теңгелер, темірден жасалған жебе ұштары, кетпен, қылыш және шыныдан, сүйектен жасалған бұйымдар қойылған.
Қорық-музейдің үшінші қабатында ХVІІІ – ХХ ғ.ғ тән қазақ халқының тұрмыс – тіршілігі, шаруашылығы, қолөнері мен мәдениетін көр¬сететін ағаштан, жүннен, теріден, металдан жасалған жәдігерлер өз алдына бір бөлек этнографиялық экспозицияны құрайды. Сон¬¬дай-ақ музейдің екінші қабатында заманауи технологиялармен жабдықталған мәжіліс залы, алтын залы бар. Экспозицияны ақпараттық киос¬кілер, деректі фильмдер көрсететін теле¬-визорлар, ҚР Мемлекеттік рәміздері мен карталары толықтыра түседі. Музейдің кіре бе𳬬сіндегі LED экран арқылы музей тарихы туралы мол мағлұмат береді.
Мұнда келген қонақтар арнайы тілек жазу кітабына музейден алған әсерлері жөнінде музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып қо묬таңбаларын қалдыра алады. Тілек жазу кі¬-табында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков, жазушы қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов, фарабитанушы ғалымдар Ақжан Машанов, Әбсаттар Дербісәлиев, ақын Мұхтар Шаханов т.б. бірқатар ғалымдар және шетелдік белгілі азаматтардың қолтаңбалары бар.
Халқымыздың өткен өмірі, мәдени мұрасы асылдың сынығындай, тұлпардың тұяғындай қастерлі дүниеге айналып келеді. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ауласындағы келген көрермендерді еріксіз өзіне назар аудартатын этнокешенді ерекше атауға болады. Оларға тоқталатын болсақ, жартылай жерге кіріп шымнан, қамкесектен соғылған қазаққа тән тұрақты мекен жәй жертөле, көшіп қонуға ыңғайлы, сырты киізбен жабылатын баспананың ең алғашқы түрі қос, киіз үй ағаштарын жасайтын мор деп аталатын пеш, киіз үй ағаштарын иетін тез деп аталатын құрал, қазақ халқының тұрмысын баяндайтын қоржын үй ерекше көз тартады. Сондай-ақ музей ауласындағы қазақ қайығы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырады. Қайықты ОҚО, Отырар ауданы, Шеңгелді елді мекенінің тұрғыны ағаш ұстасы Сыздықұлы Надайымбек этнограф-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің тапсырысы бойынша жасаған.
Қазақ халқының тарихи – мәдени мұраларын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында музейлердің рөлі зор болып табылады. Отырар музейі де алдағы уақытта осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізе бермек.