«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».
***
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
***
«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».
***
«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».
***
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».
***
«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».
***
«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
***
«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».
***
«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».
***
«Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».
***
«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».
«Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді.
Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.
Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.
Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.
Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.
Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.
Осының арқасында біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.
Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.
Біз апатқа ұшырап, «SOS» белгісін беретін теңіз саяхатшыларына айналамыз.
Үшінші. Бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы.
Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру.
Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз».