2018 жылы 28-қыркүйек күні Түркістан облысы Отырар ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы іс-сапармен болды. Іс-сапар барысында Министр Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, ҚР
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің
территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарының қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау мақсатында Отырар
қалажұрты маңынан салынғалы жатқан «Отырар қалажұртының сапар-орталығына» «аманат хатын» салтанатты түрде орнату рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырар қалажұртындағы
абаттандыру жұмыстарымен танысып, заманауи үлгіде жаңартылған Отырар қорық-музейінде болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков, жазушы қоғам
және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов, фарабитанушы ғалымдар Ақжан Машанов, Әбсаттар Дербісәлиев, ақын Мұхтар Шаханов т.б. бірқатар ғалымдар және шетелдік белгілі азаматтардың қолтаңбалары бар тілек кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.