Бүгін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын ұйымдастыру мақсатында онлайн форматында іс-шара өтті.
Жиынды музейдің «Адалдық алаңы» кеңсесінің төрағасы Ақылбек Серік Шаймерденұлы ашып беріп, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету барысында және «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын ұйымдастыру мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылғанын айтып өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Ақпараттық ағарту штабының төрағасы Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау жасай отырып, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасы қалыптасқандығын түсіндіріп өтті.
Баяндамашы Ерұлан Икрамұлына мекеме тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптарын ала алды. Мекеме басшысы Жангелді Махашов алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта департаментпен тығыз әрі бірлесіп жұмыс жасайтындығын жеткізді.