Биыл Отырар ауданының құрылғанына 85 жыл. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында «Тарихы терең Отырарға 85 жыл» тақырыбында көрме өтті.
Аудан тарихын кеңінен насихаттау мақсатында көпшілікке ұсынылған көрмеде 38-40 жылдары аудан басшыларының тұтынған заттары мен өлкенің тарихын айшықтайтын фотосуреттері қойылды.
Сондай-ақ, Отырардан шыққан ғұлама, Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 8-9 сынып оқушыларына Этнография бөлімінің ғылыми қызметкерлері Г.Маябасова «әл-Фарабидің философиялық мұрасы: Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері»,
М.Ахмет «Әбу Насыр әл-Фараби және оның рухани мұрасы» және Ж.Өскенбаева «Әбу Насыр әл-Фараби энциклопедист, ғалым» тақырыптарында танымдық дәрістер оқылды. Танымдық сабақ аясында оқушыларға сұрақтар қойылып, ой-пікірлері тыңдалды.