Бүгін 22 шілде күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени іс–шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – кемелденген қоғам құрудың концепциясы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Халқымыздың ұлы ғұламалары мен рухани мұраларын жас ұрпаққа насихаттау, түсіндіру мақсатында өткен дөңгелек үстел шымылдығын ашу үшін «Этнография, әдебиет және мәдени іс – шаралар» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы «Қазақтың әдет – ғұрып, жөн жосықтары» тақырыбында кіріспе сөз сөйлеп, адамзаттың рухани – мәдени құндылықтарына тоқталып, алғашқы қауымдық құрылыстан постиндустиялық кезеңге дейінгі ұлы жетістіктерін философиялық тұрғыдан әңгімелеп берді.
Іс – шара барысында «Этнография, әдебиет және мәдени іс – шаралар» бөлімінің меңгерушісі Жұмашова Ақлима сөз кезегі беріліп, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына оң баға беріп, рухани жаңғырудың артықшылықтарына тоқталып өтті.
Сондай – ақ, аға ғылыми қызметкер Кемелова Қалипа апайымыз қазақтың ұмыт бола бастаған әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерінің рухани маңыздылығын қатысушы қонақтарға түсіндіріп берді. Шара соңында Кіші ғылыми қызметкер Абдуахитов Ерқожа «Рухани жаңғыру – кемелденген қоғам құрудың концепциясы»
тақырыбында көпшілікке ғылыми лекциясын оқып, Сократ, Платон, Аристотель, Әл – Фараби, Қ.А.Ясауи, Абай, Шәкәрім т.б шайырлардың мемлекет пен қоғамды, адамзатты рухани кемелділікке жеткізетін, көркем мінезділік турасында айтылған ғылыми – теориялық ілімдерін және мемлекетті қайырымды, әділ басшы басқару керектігі жайында тағылымды ойларын ортаға салды.
Шара соңында Абдуахитов Ерқожа музей қызметкерлерін шағын кітап көрмесімен таныстырып, арнайы ризашылығын білдірді. Іс – шара жоғары деңгейде өтті.