2019 жылдың 11 маусым күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «ТАРИХА МҰРА – РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ» тақырыбында Отырар өңіріндегі бірқатар тарихи орындар мен ескерткіштерді жас жеткіншектерге таныстырып, экскурция жүргізді.
Шараның мақсаты: жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтауға, құрметтеуге шақыру, сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Аталған шара қатысқан жоғарғы оқу орындарының тарихшылар мен студенттеріне Отырар қорық-музейінің қызметкерлері Арыстанбаб кесенесіне, Алтынтөбе, Отырартөбе, Қоңыртөбе ескерткіштеріне экскурсия жүргізді.
Экскурсия нәтижесінде өңірімізде орналасқан тарихи мұрамызға жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде сол заманда өркендеген мемлекеттер мен олардың халықтарының тұрмыс тіршілігі мен бір-бірімен етене араласып жатқан мәдени байланыстары туралы құнды мәліметтер берілді.