15 мамыр күні сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті.
Жыл сайынғы музейлер мерекесінде осы іс-шараны дәстүрге айналдыру арқылы өңірімізде атадан-балаға мирас болған ұлттық өнерді қайта жаңғырту мақсатында өткен жәрмеңкеде 35 шеберлер қатысып, 500 ге жуық қолөнер туындылары қойылды. Арнайы келген қонақтар жәрмеңкенің көркін ашқан қолөнер бұйымдарымен танысып, әрбір шебердің туындыларына қызығушылықтарын білдірді.
Шара соңында жәрмеңкеге қатысушы шеберлерді алғыс хатпен марапаттап, алқа қазыларының шешімімен жүлделі орындары анықталып, ақшалай сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар, Отырар музейінің өткен тарихынан сыр шертетін жәдігерлер мен суреттер қойылған «ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫ» тақырыбында тақырыптық көрмесі ашылды. Көрмемен танысқан көпшілік музей тарихы, жеткен жетістіктері туралы тың мағлұматтар алды.