Бүгін 1 наурыз күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің жаңғырған экспозициясы ресми ашылғалы отыр. Салтанатты жиынға келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, республикалық және облыстық музей басшылары мен қызметкерлері Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, Отырар қалашығының тарихымен танысты.