26 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Арыс қалалық өлкетану мұражайында «ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ ТАРИХТЫ ТАНУ» тақырыбында көшпелі көрме өтті. Көрменің мақсаты Мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер беру, оларды сақтау, қорғау және көрмеге қойылған жәдігерлерді көпшілікке таныстыру арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткен тарихымыздан мағлұматтар беру болып табылады.
Көрмеге Арыс ауданына қарасты Қожатоғай өңірінен және Отырар өңірінен табылған тас дәуірінің жәдігерлері мен Отырар өңірінен табылып отырған сақ, ғұн дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлер және тарихи мәдени ескерткіштердің суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамшалаған тарихшылар, мұражай қызметкерлері және Арыс қаласының тұрғындары Отырар тарихы туралы тың деректермен қанығып, Отырар қорық-музейінің қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.