Бүгін Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамоно киелі Отырар өңірінің тарихымен танысу мақсатында арнайы келді. Сан мың жылдық тарихты бір арнаға тоғыстырған Отырар қорық-музейіне келген қонақтарға таныстырушы Н.Әмзе ағылшын тілінде таныстырып, музей экспозициясындағы құнды экспонаттар арқылы тұтас бір өңірдің рухани келбетін, оның мәдениетін, өнері мен өркениетін, ғасырлар шежіресін жан-жақты түсіндірді.
2017 жылғы 14-ші қарашада Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамононың Қазақстан Республикасы Діни істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынмен кездесуінде еліміздің қасиетті жерлеріне, атап айтқанда Түркістан облысына саяхаттауға қызығушылық танытып отырғандығын айтқан болатын. Сол арманының бүгін орындалып жатқанына қуанып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, қонақтар Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады.