XIV-XV ғғ. (археол.). Отырар қалажұртынан оңтүстікке қарай 5 км жерде, Мыңшұңқыр елдімекенінде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т442716 UTM 4739678. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 1988 жылы зерттеген. 1990-91 жж, 95 ж қазба жүргізілген (М.Б.Қожа).
Ескерткіш онша биік емес, көлемі 90х70 м келетін төбе түрінде сақталған. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылып жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігін шаруашылық мақсатта қазылған ұзындығы 80 м, ені 4 м, траншея кескен. Қазба барысында: бір тұрғын бөлме, 18 құмыра күйдіретін ошақ, көптеген шаруашылық шұңқырлар аршылды. Шеберханада ыдыс-аяқтың барлық түрі, монументалды құрылыстардың қаптама тақталары мен бөлшектері дайындалған. Материалдары Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында сақтаулы.