Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында " Қолөнер ұлт келбеті " тақырыбында Шардара ауданының елді мекендеріне мәдени мұраларымызды зерттеуге бағытталған этнографиялық экспедиция ұйымдастырды.
Экспедицияның мақсаты ғасырлар қойнауынан көненің көзіндей бүгінге жеткен жәдігерлерімізді ел арасынан жинастырып, ою-өрнектері мен жасалу жолдарының ұқсастығын зерттеу, қолөнер шеберлерімен сұхбаттасып, суретке түсіріп, мұражай қорын жәдігерлермен толықтыру және қолөнер шеберлерінің анықтау болып табылады.
Атқарылған шара нәтижесінде музей қорына жүннен жасалған бұйымдар мен зергерлік бұйымдар сыйға берілді.
Ұлттық қолөнерімізді қадірлеу, дамыту және келер ұрпаққа табыстау - басты парыз екенін мақсат еткен алтын қолды шеберлерімізге алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!