2019 жылы 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшелері Отырар ауданына іс-сапармен келді. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты
Райымқұлова , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев, Сауытбек Абдрахманов, Кеңес Абсатиров, Зәуреш Аманжолова, Әбдіманап Бектұрғанов, Фахриддин
Қаратаев, Кәрібай Мұсырман, Айгүл Нұркина, Жәмила Нүсіпжанқызы, Бахытбек Смағұл, Бекболат Тілеухан, Аяулы Әлиева сынды мүшелері, тарих ғылымдарының докторлары мен археологтар, реставраторлар тарихы
тереңінен бастау алған қасиетті Отырар шежіресінен сыр шертетін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозициясын аралап, қойнауы тарих пен шежіреге толы киелі өңірдің бай мұралары мен құнды
жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Отырар төбені абаттандыру жұмыстарымен және Отырар қалажұртының сапар орталығының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда «Отырар қалажұрты»
сапар орталығының құрлысымен қатар, Арыстанбаб кесенесі мен Отырар төбе маңында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күз мезгілінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ауданға келуші
туристерге қолайлы жағдай жасалынбақ. Отырарға арнайы ат басын тіреген қонақтар Бабтардың бабы – Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады.