Әлемге әйгілі өнер ордаларының ішіндегі шоқтығы биік «Ла Скала» театрының дирижеры, аты аңызға айналған музыкант Зубин Мета және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қасиетті Түркістан қаласында болды. ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы шеңберінде Ла Скала театры қазақстандық көрермендердің назарына Ұлы композиторлардың туындылары паш ету мақсатында Астана қаласына болған Зубин Мета еліміздегі рухани орталық Түркістан қаласындағы ортағасырлық сәулет өнерінің көне ескерткіші Қ.А.Ясауи кесенесін тамашалады. Түркістан қаласының әкімі Ә. Өсербаев Зубин Метаға шапан жауып, қазақтың қыл қобызын тарту етсе, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - мұражайының директоры А.Жандосов Арыстанбаб кесенесі бейнеленген қолөнер туындысын сыйға тарты.
Зубин Мета тарихы терең Түркістанмен еңселі елордамыз Астана қаласына деген таңдаңысымен, қонақжай қазақ халқына алғысын білдірді.. Сапар соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Ла Скала театрының ат басын бұруы еліміздің өркениетті елдер қатарында биік белеске жеткендігінің белгісі деп атап өтті.