3 тамыз күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының тарихи-өлкетану мұражайында «АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ» тақырыбында көшпелі көрме өтті.
Көрменің мақсаты Мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер беру, оларды сақтау, қорғау және көрмеге қойылған жәдігерлерді көпшілікке таныстыру арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткен тарихымыздан мағлұматтар беру болып табылады. Көрмеге Отырар өңірінен табылған жәдігерлері және тарихи мәдени ескерткіштердің суреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмені тамшалаған тарихшылар, мұражай қызметкерлері және Ордабасы ауданының тұрғындары Отырар тарихы туралы тың деректермен қанығып, Отырар қорық-музейінің қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.