Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы және еліміздегі белгілі археолог-ғалымдар Отырар қалажұртындағы ғылыми реставрациялық жұмыстармен танысты.
Реставрациялық жұмыстармен «Қазқайтажаңарту» РМК директорының м.а Тұяқбаев Қанат Қымызұлы таныстырып, бұл жобаның басты мақсаты: ескерткіштердің ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Реставрациялық жұмыстармен танысқан еліміздегі белгілі тарихшылар, археолог-ғалымдар Самашев Зейнолла Самашұлы, Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы, Аяған Бүркітбай Ғелманұлы және Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы тарихи-мәдени нысандардың тарихи шынайы қабаты өзгеріссіз сақтап қалу маңызды екендігін айтып өтті.