27 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Отырар әдебиеті мен өнері» қоғамдық бірлестігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің ұйымдастыруымен Ақын Садуақас Жақашұлының туылғанына 130 жыл толуына орай «Отырар өркениетінің жоқтаушысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты артына айрықша өшпейтін із қалдырған Садуақас Жақашұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы қазақ поэзиясының қалыптасып- дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан еңбегі жайлы насихаттап, кейінгі ұрпақты елжандылық, Отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді дарытып, рухани байлықты сіңіру болып табылады. Жиынға қатысқан «Отырар әдебиеті мен өнері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағындық Қыдыр , Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің негізін қалаушы,
әдебиетші этнограф Абдулла Жұмашов, ақын Бегаман Сұлтаев, ақын Раушан Мұратова және ақынның ұрпақтары кең байтақ елiнiң сана-сезiмiн көтеруге өзiндiк үлес қосып «бiр кiрпiш болып қаланған», ел аузында Сәдуақас ақын деп сақталған ел саңлағы, өзiнiң туып-өскен өлкесiнiң өткенi мен бүгiнiнiң, онымен өзектес болған өз өмiрiнiң де тарихи эпопеясын жазып кеткен Сәдуақас Жақашұлының шығармаларына тоқталып, естелік әңгімелерімен еске алды. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қызметкерлері Ж.Өскенбаева, М.Ахметтер артында мол мұра қалдырған, өз шығармаларында заманалық үлкен оқиғаларға да үн қосқан, тарихи тақырыпқа да қалам тартқан, ақын жайлы дайындаған баяндаларын оқыды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы қонақтар Ақынның еңбектері мен суреттері қойылған көрмемен танысты.