Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - мұражайының «Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми - зерттеу бөлімі Отырар өңірінен қазба нәтижесінде табылған тұрмыстық заттарын, олардың тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлі өнерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында С.Сейфуллин орта мектебінде «Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері» тақырыбындағы көрме ұйымдастырды.
Көрмеде Отырар өңірінен археологиялық қазба барысында табылған заттар, ежелгі ұлыстардың: сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түрік, қарлұқ, оғыз, қыпшақтардың көшпелі отырықшы мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін айғақтайтын археологиялық жәдігерлер мен мұражай тарапынан шыққан кітаптар мен кітапшалар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ «Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми - зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Н.Ермашова «Отырар өңіріндегі шыны ыдыстар», О.Құлымбетов «Көне Отырар өңіріндегі мал және аң сүйектерінің тұрмыста қолданылуы» тақырыптарында дайындаған лекцияларын оқыды.