Бүгін 9-мамыр жеңіс куніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі "Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат " тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру. Шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараны музей директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақылбек Серік Шәймерденұлы ашып беріп, бұл оқиғаның маңыздылығы мен мақсатына тоқталып өтті.
Экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс бөлімінің экскурсоводы А.Науанова "Жеңіс туын желбіреткендер" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар ауданымыздағы Кеңес одағының батыры атанған Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында Ұлы соғысында ерекше тапқырлықтармен көзге түскен барлаушы батырларымыз туралы бейнефильм көрсетіліп, арнайы көрмемен танысты. Көрмеге соғыс кезіндегі жауынгерлердің пайдаланған заттары қойылды. Іс-шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.