2019жылдың 26aқпан күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Невада Семей – ғасыр қасіреті» атты тақырыпта дөңгелек үстелдің болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Жастарға қазақ жерінде орын алған ядролық жарылыстың зардаптарын түсіндіру және оны болашақта болдырмау. Іс-шараға қатысқандар: Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары. Дөңгелек үстел іс-шарасын ашу үшін «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа «Невада Семей – ғасыр қасіреті» атты тақырыпта 11сынып оқушыларына баяндамасын оқып, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік саясатта Қазақстанның
ядролық қарудан бас тартқан, бейбіт ел екендігін әңгімелеп берді. Баяндамадан кейін, Семей ядролық полигонның алғаш қазақ жерінде жүргізілуі мен оның адамдарға, қоршаған ортаға әсері жайында жоғары сынып оқушыларына бейнебаян ұсынылды. Іс-шара барысында директордың ғылыми – ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова Гүлмира Қалдыкерейқызына сөз беріліп, 1991жылы 29 тамызда Елбасының «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығын айта отырып, болашақта ядролық сынақты
болдырмаудың алдын алу керектігін айтты. Шара соңында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген жас маман Тұрсынбаев Бердібай Семей жеріндегі ядолық жарылыстың табиғи апаттары жөнінде өз ойын оқушылармен бөлісті. Іс-шара түйінін кіші ғылыми қызметкер Абдуахитов Ерқожа қорытындылап, мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, бүгінгі дөңгелек үстел іс-шарасының маңыздылығын атап өтті.