2018 жылдың 26 қараша күні Қызылорда облысы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» тақырыбында көрменің ашылу салтанаты өтті.
Шараның алғы сөзі Қызылорда облысы «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы Серікбай Қосановқа беріліп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Аталған іс-шараға Қызылорда облысының өлкетанушылары, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Қызылорда облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдени мекемелердің қызметкерлері, студенттер, қала қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты. Көлемді көшпелі көрмеде музей қоры жинағындағы Х-ХVІІІ ғасырларға тән археологиялық тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және зергерлік бұйымдар, қару-жарақ түрлері,
ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген діндар, ислам дінінің уағыздаушысы, түркі сопыларының бабасы, әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, һәм тәлімгері Арыстанбаб әулие және оның кесенесі туралы тарихи деректемелерді көпшілік назарына Отырар музейінің бас қор сақтаушысы Ералы Шоқай таныстырды.
Қызылорда қаласының қонақтары мен тұрғындары тарихи танымға толы көрмені 2018 жылдың 12- ші желтоқсанға дейін тамашалай алады.