Бірінші ғасырлары - 11 ғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 5,5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 437102 UTM 4747216. 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) зерттеген. 1949 ж. шахристанның оңтүстік бөлігінде қазба жүргізілді. Кесектен соғылған кұрылыс қалдықтары бар 3 мәдени қабат аршылған. Қазба нәтижесінде алынған материалдарды сараптау барысында 2 хронологиялық этап анықталды: б.д. бірінші ғасырлары және 8—10 ғғ.
1969 — 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеп, төбенің инструменталды жоспары түсірілді. 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы қаланы зерттеуді жалғастырды. Алтынтөбе «алаңқайлы төбе» типтес, екі қатпарлы ескерткіш. Жандары дүниенің төрт бұрышына қараған. Ең биік солтүстік бөлігі (цитадель) жоспарда шаршы тәрізді, бүрыштары дөңгеленіп келген, көлемі 135x150 м (5 м жер¬дей горизонталь бойынша) және 75x60 м (15 м жердегі горизонталь бойынша), биіктігі 17,13 м.