Бүгін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиында мекеме директоры Айбек Жандосов құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. «Сіздерді және сіздер арқылы барша қазақстандықтарды егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгі күні еліміз күн санап өркендеп келеді. Қазақстанның жыл артқан сайын әлеуметтік-экономикалық жағдайы артуда. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін атқарылып жатқан жұмыстар зор табыстар мен оң нәтижелерге жетеледі.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмыстарыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілеймін!»- деді Айбек Жандосов өз құттықтауында. Сонымен қатар бірнеше мекеме қызметкерлері де өз құттықтауларын жеткізді. Барша қазақстандықтарды Отырар қорық-музейі ұжымы атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамалар сәтті болсын!