2019 жылдың 6 ақпан күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Отырар ауданына іс-сапармен келді. Мәжіліс депутаты киелі Қазақстанның тарихын насихаттап қана қоймай, құнды жәдігерлерді ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан мәдени орын - Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-музейінің экспозициямен танысты. Жәдігерлері осы аумақта тіршілік еткен ежелгі тұрғындардың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін құндылықтардан тың мағлұматтар алып, қолтаңба естелік кітабына өзінің ізгі тілегін қалдырды. Содан соң Отырар қорық-музейінің мәжіліс
залында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановпен жиын өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен талқылау мақсатында өткен жиында «Ауылым-алтын бесігім», «Жастар жылы», «Архив-2025» тақырыптарына кеңінен тоқталып, Мәжіліс депутатына сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов терең тарихымызды түгендеп, келешектегі ел игілігіне айналатын осынау бағыт-бағдары айқын мақалаға әрбір қазақстандық атсалысып, оның жүзеге асуына бар күш-жігерін жұмсауы керек екендігін жеткізіп, ел болашағы жастардың қолында, олардан үлкен үміт күтетіндігін жеткізді.