Жақында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - музейінің қызметкерлері Ералы Шоқай мен Сәбит Пәрменқұлдың авторлығымен «ОТЫРАР АЛҚАБЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР» атты кітап – альбом жарыққы шықты. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Қазақ елінің ортағасырлар кезеңіндегі мәдениетіне, шаруашылығына, рухани өміріне байланысты ежелгі қалалардың орнындағы қазба жұмыстары халқымыздың өткенін танып- білуге көп пайдасын тигізетін құнды материал болып табылады.