2019 жылдың 10 маусым күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «ҚАМАЛЫ БЕКЕМ ХАЛҚЫ ҚАЙСАР – ОТЫРАР» тақырыбында семинар өтті.
«Орда» тарихи танымдық клубының жетекшісі Б.С.Сиздиков Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылған семинардың мақсатына тоқталып, ашық деп жариялады. Семинардың бағдарламасы бойынша Отырар қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері С.Т.Сыздықов пен Н.О.Сералы «Отырар тарихы және Отырардың зерттелу тарихы», «Отырар ойраны» тақырыбында дайындалған баяндамаларын оқып, көпшілікке XIII ғ екінші онжылдығында орын алған саяси оқиғалар тізбегін баяндаса, аға ғылыми қызметкері А.А.Сералиев Отырар қалажұртының қорғаныс жүйесі мен құрылымы жайында дайындаған слайдпен таныстырды.
Шара аясында Қазақ-Түрік университетінің тарих мамандығының 4 курс студенті Әшірбек Маржан Оразалықызы «Отырар ұлылардың мекені» тақырыбында шығарған жүрек жарды жырымен бөлісті. Семинардың қорытынды сөзін тарих кафедерасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г. Примкулова ала отырып, бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараға кеңінен тоқталып, Отырар қаласы туралы үлкен тың мәліметтермен бөліскен Отырар музейінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.